Танымал рэпер Жан Ахмадиев кезекті туындысын ютуб желісіне орналастырды. Smitty-мен бірлесіп орындаған шығармасында терроризм тақырыбы қозғалған.
Бейнероликте Ақтөбе мен Алматы қалаларында болған оқиғалар сомдалады. Ютуб желісінде санаулы минут орналастырылған бейнеклипті мыңдаған адам қарап үлгерді.
Айта кетейік, Жан Ахмадиев қоғамда болып жатқан өзекті жайттарды өзінің клиптеріне арқау етіп келеді.
https://www.youtube.com/watch?v=kajgivDZcJg