jasqazaq.kz

«Ақтөбе» футбол клубының директоры ұсталды

08 қараша 2016, 17:34

photo_31274

«Ақтөбе» футбол клубының директоры ұсталды, — деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Ақтөбе» облыстық футбол клубы» АҚ басшысының бюджет қаражатын жымқырған деректерін анықтады.

«Тергеуден АҚ-ның бас директоры Васильевтің сыйақыларды заңсыз төлеу жолымен бюджеттен 300 миллион теңге сомасында қаражат жымқырғаны анықталды. Васильев сыйақыны жеке өзі шешкен», — деп хабарлады Антикоррупциялық қызметтің өкілдері.

«Оның ішінде футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі аяқталғанша үздік алтылыққа енуге «Ақтөбе» ФК футболшылары мен бапкерлеріне 69 миллион теңге көлемінде заңсыз сыйақы беру дерегі анықталды. Көрсетілген соманың 15 миллион теңгесін Васильев өзі алған», — делінген Ұлттық бюроның хабарламасында.

8 қарашада Антикоррупциялық қызмет Васильевті ҚР Қылмыстық процесстік-кодексінің 128-бабының негізінде қстап, Ақтөбе облысы бойынша ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде