jasqazaq.kz

Ақтөбе базарында төбелеспек болған 15 адам ұсталды

30 қыркүйек 2016, 0:50

snimok

Кеше Ақтөбедегі Орталық базарда төтенше оқиға тіркеліп, ұялы телефон сататын жігіттер өзара төбелеспек болды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ жедел жетті. Жалпы саны 15 адам ұсталып, олардан түсініктеме алынды. Бәрі де әкімшілік жауапқа тартылады. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаменті, Экстремизммен күрес басқармасының басшысы Бауыржан Атабаев айтты.

«Базар маңында ұялы телефон сатып тұратын азаматтар өзара төбелеспек болған. Полиция мен арнайы жасақ 15 адамды Ішкі істер бөліміне жеткізді. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бәрінен жауап алынып, босатылды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Негізінен, телефон сататындардың бәрі сүт пен май сататын сатушылар секілді жабайы саудамен айналысады», — дейді Ішкі істер департаменті, Экстремизммен күрес басқармасының басшысы Бауыржан Атабаев. Оның айтуынша, ешқандай да атыс болмаған.

Айта кетейік, Ақтөбедегі орталық базар маңында сақал өсіріп, балағын қысқа етіп қиған ер азаматтар тұрады. Олар таңнан кешке дейін «телефон сатамын, сатып аламын» деп сауда жасаушыларға өз қызметін ұсынады.

Еске салсақ, кеше түстен кейін Ақтөбедегі орталық базарда атыс болды деген ақпарат тарады. Себебі, базар әдеттегі уақыттан ерте жабылды.

«Полицияның 102 нөміріне Орталық базарда жаппай төбелес болып жатыр деген ақпарат келіп түсті. Ақпарат түскен сәтте базарға жақын маңдағы полиция жасағы жіберілді. Нәтижесінде құқық қорғаушылар төбелестің алдын алды. Полиция қызметкерлерінің жедел іс-шарасы кезінде күдіктілер ұсталды. Қолға түскен күдіктілерден қандай да бір қару табылмады. Атыс болған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр»,- дейді ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері.

Мамандардың хабарлауынша, Ақтөбеде атыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жазаланатынын ескертеміз», — дейді құқық қорғаушылар.

Айта кетейік, базардағы саудагерлердің айтуынша, олар жергілікті сағат 4:30-да «Достық» сауда үйінің алдында полиция қызметкерлері толып кеткенін көрген. Көбі базар ішін кілттеп отырған.

tilshi.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде