jasqazaq.kz

Ә.Смайылов: Арзан жанармай көрші елдерге кетуде

04 сәуiр 2023, 11:51

Премьер-министр Әлихан Смайылов күн санап бағасы шарықтап, қала берді тапшылығы сезіліп жұртшылықты әбігерге салған жанар-жағармай бағасына қатысты мәлім етті.

«Кеше Энергетика министрлігі елімізде жанар-жағармай бағасының өсетінін мәлімдеді. Осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Яғни, бағаны қайта қарамасақ, онда жақында мұнай өнімдерінің тапшылығына тап боламыз. Бізде дизель отынын қолдану жылына бір адамға 300 литрден келеді. Ал Ресейде бұл көрсеткіш — 225 литр, Қырғызстанда — 90 және Өзбекстанда — 44 литр. Мемлекет жанар-жағармай өндірісін ұлғайту бойынша тиісті шаралар қабылдауда. Соңғы бес жылда бензин өндірісі 70 пайызға, ал дизель отыны 33 пайызға өсті», — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне айтқан мәлімдемесінде. «Десе де жанар-жағармай нарығында тапшылық мәселесі азаяр емес. Қазақстандық арзан жанар-жағармай әртүрлі жолмен көрші елдерге кетіп жатыр. Осылайша отандық арзан жанар-жағармай өзіміздің мүддесіне емес, көрші мемлекеттердің экономикасына жұмыс істеп отыр», — деді Үкімет басшысы.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық