jasqazaq.kz

А.Шпекбаев: Жемқорлықты жоятын журналистер

06 ақпан 2017, 19:44

Қоғамды кері тартып отырған жемқорлық дертін түбегейлі жою үшін оның салдарымен күреспей, дер кезінде алдын алу жұмыстарын жолға қою керек. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Президент Жолдауын талқылауға арналған жиында агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлім етті.

Агенттік төрағасының орынбасары «Пара алма, пара берме!» деген түсінікті БАҚ арқылы қоғамға сіңіре отырып, жемқорлықтың жолын кесуге болады деген пікірде.

«Президент Жолдауында қауіпсіздік және жемқорлыққа қатысты ерекше көңіл бөлінді. Өйткені бүгінде жемқорлық қоғамның тұтас дертіне айналып отыр. Президент өз сөзінде жемқорлықтың деңгейін төмендетуге елеулі қадамдар жасалғанмен, жазалау жұмыстары көңіл көншітпейтінін баса айтты. Жемқорлықтың жолын кесуді «пара алма және пара берме!» деген түсінікті сіңіруден бастау керек. Оған мүмкіндік бар. Медиа мүмкіндігіміз де жетеді. Оның үстіне бұл мәселеге Мемлекет басшысының өзі аса мән беріп отыр», –  дейді ол.

Шпекбаевтың айтуынша, қазіргі таңда бармақ басты, көз қыстының алдын алу шараларына қатысты жан-жақты зерттеу жасалып жатыр. Аталмыш жоспар екі бөлімнен тұрады. Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігінде де жаңа жоспар жасалыпты.

«Оған өз ұсыныстарымызды бердік. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын азаматтық қоғамдастықтармен бірлесіп және БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялана отырып жүзеге асырылуы тиіс. Әкімдіктер сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардағы мәселелерді мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып шешуі тиіс. Өйткені, тұрмыстық жемқорлықты жеңбей және жоймай кез келген ел тиімді әрі жылдам дами алмайды», –  дейді ол.

Дөңгелек үстел барысында Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фарида Жақыпова мемлекеттік қызмет саласындағы жемқорлықты жою және этикалық құндылықтарды нығайтуға бағытталған «Адалдық жол» жобасының тұсауын кесті.

Baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде