jasqazaq.kz

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп әлем жұртшылығына сөз арнады

09 қараша 2016, 15:24

photo_31314

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп әлем жұртшылығына сөз арнады.

«Американың мүддесін жоғары қойсақ та, әлемге айтқым келетіні, біз барлығымен де бірге боламыз. Әрбір халықпен, әрбір ұлтпен өзара түсіністік табамыз. Бұл қақтығыс емес, серіктестік болады», — деп атап өтті Дональд Трамп өз жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде.

«Маған қазір ғана Хиллари Клинтон телефон соқты. Ол мені жеңіске жетуіммен құттықтады. Мен оны және оның отбасын осынау қиын сайлау кампаниясындағы күресуімен құттықтадым. Хиллиари өз өмірінде ұзақ уақыт жұмыс істеді. Оның елімізге көрсеткен қызметі үшін алғыс білдіруімізге болады», — деді АҚШ-тың жаңа президенті.

Дональд Трамптың пікірінше, енді «Америка бөлінушілікті қоюы керек» және «ұлтты қайта құру керек».

«Демократтар мен республикалықтар бір ұлтқа бірігуі тиіс. Уақыт жетті. Еліміздің барлық азаматы барлық америкалықтың президенті болуға ант беремін. Бұл мен үшін өте маңызды. Бұған дейін мені қолдамағандар, сізденден көмек сұраймын, біз бірігіп жұмыс істеп, елімізді біріктіре аламыз. Осыған дейін де айтқанымдай, бізде кампания емес, құдды бір қозғалыс болды. Өз жұмысына берілген, өздері үшін, өз отбасы үшін күрескен ерлер мен әйелдер. Бұл қозғалыс билік халық үшін жұмыс істеуі керек деп есептейтін барлық ұлттағы америкалықтарды, діни сенімдерді қамтиды. Солай болады да. Жұмысты бірге істей келе, біз ұлтымызды қайта құрамыз», — деді Трамп.

АҚШ-тың 45-ші президенті жаңа жұмыс орындарын, жаңа инфрақұрылымды және көптеген елмен қарым-қатынасты жақсартуды уәде етті.

«Біз зор мүмкіншіліктерімізді пайдаланбадық, осы бағытта жұмыс істеймін, бар мүмкіндігімізді пайдаланамын. Әрбір америкалық өз мүмкіндігін жүзеге асыра алады. Назарсыз қалып қойған тұрғындарымыз енді назарсыз болмайды. Инфрақұрылыммен айналысамыз, жолдар, көпірлер, қалалар жаңарады. Миллиондаған адам жұмыспен қамтылады. Соңғы 18 айда көптеген ардагерімізді көрдім. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Олар — ұлы адамдар. Дарындарымызды көбейтемін, дарындарымыз халқымыздың әл-ауқатын жақсару үшін қызмет ететіндей жағдай жасаймыз. Экономикамыздың дамуына нақты жоспарымыз бар, барлық елмен түсінісіп, қарым-қатынасымызды жақсартуға ден қоямыз. Ешбір арман орындалмай қалмауы керек, ешбір сын біз үшін ауыр болмауы керек, бәрінен де өтеміз. Америка тек үздікке қол жеткізеді. Халқымыздың тағдыры оң қадам басатындай жағдай жасаймыз. Біз халқымыздың болашағы жарқын болуыр армандадық, осы мақсатта алға жүреміз», — деді Дональд Трамп.

 

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде