
Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж А. Крол және елшіліктегі басқа да қызметкерлер Қазақстанның әнұранын домбырамен орындады.
Осылайша, Қазақстандағы АҚШ елшілігі Қазақстан халқының бірлігі күніне орай видеоролик дайындады. Әнұран домбыраның сүйемелдеуімен орындалып, видео әлеуметтік желілерде жарияланды. «Достық күші — бірлікте! Қазақстан халықтарының Бірлігі күнімен құтықтаймыз!», — делінген видеоның сипаттамасында.
Tengrinews.kz