jasqazaq.kz

Ақсай қаласының әкімі қызметінен не үшін кетті?

21 желтоқсан 2016, 16:37

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес Ақсай қаласының әкімі Айымгүл Тіріжанова қызметінен босатылды.

ҚазАқпарат хабарлағандай, БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.Тіріжанованың биылғы 14 қыркүйекте аталмыш қызметке арнайы тексерусіз, заңсыз тағайындалғаны белгілі болды. А.Тіріжанова бұдан бұрын Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің басшысы қызметін атқарған кезде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда, Бөрлі аудандық мамандандырылған әкімшілік сотының 2015 жылғы 27 наурыздағы қаулысымен А.Тіріжанова ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 535-бабына (заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және заңсыз табыс табу) сәйкес айыпты деп танылып, оған 792,8 мың теңге айыппұл салынған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметке қабылданғанға дейін үш жыл мерзімде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік айыппұл салынған азамат мұндай қызметке қабылдана алмайды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде