jasqazaq.kz

Ақсақ аударма: мамандандырылған халық бола ма?

14 шiлде 2016, 11:49

13718808_679314442244245_4191686766008362666_n-1-700x394
Алматы қаласының тұрғыны Мұхамбедия Ахмет-Төре қаладағы халыққа қызмет көрсететін орталықтың маңдайшасындағы мемлекеттік тілде жазылған өрескел қателікті суретке түсіріп алыпты.

«Мынау Алматы. Ал мынау ЦОН. Орысшасында – «центр специализированный», ал біздің қазақшамызда – «халық специализированный» деп жазылған. Сонда қалай, біз мамандандырылған халықпыз ба? – дейді ол.

Шынымен де, аудармасына қарасақ адам түсінбейді. Мамандандырылған халық бола ма? Халыққа қызмет көрсететін білдей орталықта маңдайшасындағы жазуды дұрыс жаза алатын бірде-бір адамның табылмағаны ма?

Сорақы аударма әлеуметтік желі қолданушыларының да назарын аударған. Осыған қатысты пікір білдірген азаматтар бұған орталықтың басшылығын кінәлап отыр.

«Сұрықсыз аударма! Селқос басшы, сауатсыз мамандар осы «мамандандырылған» жұмысқа күнде келеді ғой. Мән бермейді!» дейді әлеуметтік желідегі белсенді топ.
Ал енді біреулер орталықтың басшысына ЦОН-ның қазақша қалай аударылатынын көрсетіп беріпті.

«Халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған орталығы» немесе «Халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған орталық» болады. Сосын «мамандандырылған » дегеннен көрі , «арнайы» деген дұрыс емес пе? Сауат қайда?» дейді олар.

Пікір білдіргендердің арасында «сонда маманданбаған халық қайда барады?» деп мысқылдағандар да бар.
Айта кетелік, мемлекеттік мекемелердің қазақ тіліндегі жазуға жауапсыз қарайтын жағдайы жалғыз емес. Бұдан бұрын біз Алматыдағы Қазақ көз аурулары ғылыми зерттеу институтының қабырғасында ілінген стендтегі мемлекеттік рәміздер туралы ақпаратта өріп жүрген қателер туралы жазған едік. Институт басшылығы қателікті тез арада түзеуге уәде берген болатын.

Ал «мамандандырылған халыққа қызмет көрсететін орталықтың» басшылығы бұған не дер екен?

kaz.365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде