
Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар ғасыры, яғни жаңа ақпараттық технологиялар арқылы әрбір азамат әртүрлі қызметтерді электрондық түрде алуға мүкіндігі бар кезең. Заманауи технологиялар азаматтар мен ұйымдардың өмірлік қызметіне енгендіктен аталған мүмкіндіктерді Қазақстан Республикасының сот органдары да іске асыруда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев қағаз құжат айналымынан бас тартып, электронды технологияларға өту қажеттілігін бірнеше рет атаған. Осыған орай Жоғарғы Сотпен ақпараттық технологияларды енгізу мен жетілдіруге байланысты соттардың кеңсе жұмысшылары мен мамандарының негізгі фунционалдық міндеттерін орындау (сот талқылауға істі дайындау, сотқа шақыру, құжаттарды әзірлеу, іске қосымша түскен құжаттарды есепке алу, сот отырысының хаттамасын жүргізу, шағымдарды қабылдау, сот отырысына қатысушылардың арызы бойынша іс материалдарымен таныстыру, іске тіркеу, жолдама хаттарды дайындау, атқару парағын жолдау) бойынша ауыр еңбегін жеңілдетуге бағытталған нақты шаралар қолдануда.
2016 жылы «Төрелік» пен «Сот кабинеті» жүйесін енгізгеннен кейін судьялардың, сот жұмысшылары мен мамандарының жұмысы азая түскенін, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының барлық соттардың залдарында сот талқылауының барысын аудио-, бейнежазбаларға түсіретін жаңа қондырғылармен жабдықталғанын ескерген жөн.
Ұлт қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев Ата заңымыздың сенімді кепілі ретінде заңның жоғарлылығын, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық мемлекетті құруды меңзегені қазақстандық әділеттілік үлгісін ары қарай жетілдіруге: халықтың сотқа деген сенімін артырып, «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарын орындауды көзделген.
Жоғарда айтылғандардың негізінде электрондық жүйе мамандар мен судьялардың тікелей өздерінің міндеттерін жоғарғы деңгейде орындауда маңызды рөлге ие деген қорытындыға келуге болады.
Әсем Нығметова