
Айсұлтан Назарбаев Қазақстан Футбол федерациясына қызметке келді. Бүгін 28 ақпанда Атқару комитеттің кадрлық мәселелер бойынша жиыны өткен.
Tengrinews.kz хабарлағандай, «2017 жылдың 28 ақпан күні Қазақстан Футбол федерациясы Атқару комитетінің шешімімен ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық қауымдастықтарымен байланыс бойынша вице-президент міндетін атқарушы қызметіне Айсұлтан Назарбаев тағайындалды». — делінген федерацияның баспасөз хабарламасында. Осыған дейін бұл қызметте Сейілда Байшақов болған еді.