jasqazaq.kz

А.Мұхамедиұлы ісі: Т.Жаманқұловты сотқа шақыра ма?

17 сәуiр 2023, 14:54

Бүгін Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты сот болып жатыр. Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатқан процеске А. Мұхамедиұлы онлайн режимде қатысуда. Қаладағы ауа райына байланысты ол сот өтіп жатқан ғимаратқа жеткізілмеді.

Бұрынғы мәдениет және спорт министріне қатысты іс бойынша күдікті деп танылған Exponat компаниясының өкілі Азамат Көшенов сотта Тұңғышбай Жаманқұловтан жауап алуды сұрады: «Сотқа Тұңғышбай Жаманқұловты шақыру туралы өтінішім бар. Бұл істі тергеу кезінде оның мәлімдемесі қамтылған еді. Ол бұқаралық ақпарат құралдарында А. Мұхамедиұлымен байланысым туралы жариялады. Бұл тұрғыда жалған ақпарат берді. Сондықтан өз мәлімдемесін түсіндірсін. Осы орайда оны сот отырысына куәгер ретінде шақыртқымыз келеді».

Прокурор актер Т. Жаманқұловты сотқа шақыртуға негіз жоқ екенін айтты.

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты Мұстақым Төлеев Тұңғышбай Жаманқұлов экс-министрден кек алу үшін прокуратураға арызданғанын айтты. «Өздеріңізге мәлім, Тұңғышбай Жаманқұлов Әл-тарази деген азамат бар. Ол жалған ақпарат таратып, менің қорғауымдағы Арыстанбек Мұхамедиұлынан кек алу үшін прокуратураға арызданған. Ол жалған деректерді алға тартқан. Соның негізінде заңсыз қылмыстық іс қозғалған», — деді адвокат.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі