
Ақмола облысында үсіп кеткен 36 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.
Полицейлердің мәліметі бойынша, 1981 жылғы ер адамның денесі ағымдағы жылдың 28 наурызында Аршалы ауданының Жалтыркөл аулының маңынан табылған. «Қазіргі кезде ер адамның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. ҚазАқпарат хабарлағандай, алдын ала мағлұмат бойынша, ер адам үсіп өлуі мүмкін. Өйткені, оның денесінен күш қолданудың белгілері байқалмады. Қазір аталған оқиғаға байланысты тексеріс жүргізілуде».