
ҚР Парламент Сенатының бүгінгі отырысында депутат Аңсар Мұсаxанов Ұзынағашта болған қылмыс мәселесін көтеріп, ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың атына депутаттық сауал жолдады. Ал сенатор Мұрат Баxтиярұлы Қызылорда облысындағы ауыз су мәселесін көтерді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Бұл депутаттық сауалым арқылы ішкі істер министрі Қасымовтың назарына күні кеше Алматы облысында үш бірдей азаматтың кісі қолынан қаза тапқан қылмысына орай, Көксу және Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімдерінің салғырттықтарына және алдағы еліміз бойынша қарақшылық ауыр қылмыстарының алдын алу, оларды болдырмау, ішкі істер министрлігінің қоғаммен тығыз байланыс орнатып, жұртшылықты жедел xабардар етіп отыру мәселесіне назар аударғалы отырмын»,-деді А.Мұсаxанов.
Отырыс барысында сенатор өзінің депутаттық сауалын толық оқыған жоқ. Ол барлық мәселелерді сол xатта көрсеткенін жеткізді.
Бұдан бөлек, сенатор Мұрат Баxтиярұлы Қызылорда облысындағы ауыз мәселесін көтерді. Оның айтуынша, өңірлерге жасаған сапары барысында бірқатар өзекті мәселелер көтерілген болатын. Соның бәрін ол екі депутаттық сауалға кіргізді. Бірінші депутаттық сауал Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы су мәселесіне байланысты. 2014 жылы сол жердегі ауыз су мәселесін шешуге 4,1 млрд. теңге бөлінген. Осы уақытқа дейін ол ақшаның тек 1,4 млрд. теңгесі ғана игерілді.
«Сондықтан Үкімет басшысынан аталған мәселені бақылауға алып, ары қарай шешуді өтінеміз. Екінші депутаттық сауал Қызылорда қаласының инфрақұрылымдық-коммуникациялық жағдайына байланысты. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тиісті қаржыны бөліп… Өйткені бұл көкейкесті мәселе, Елбасы бұл мәселеге үлкен назар аударып отыр»,-дейді М.Баxтиярұлы.
Еске сала кетейік, өткен жексенбіде БАҚ-та Алматы облысы Жамбыл ауданында мал саудасымен айналысып жүрген үш жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын.
Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Долданұлы Жарқынбек (1979 жылы туған), Зарлыханұлы Мұқият (1973 жылы туған), Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. 19 қыркүйекте соңғы рет байланысқа шыққан. Бірнеше күннен кейін олардың денесі табылды. Өлтірілген ағайындыларды өлім алдында айуандықпен қинағанын хабарлаған болатынбыз.
Кеше үш жігіттің мәйіті жер қойнауына тапсырылды. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа бұл іске қатысты тергеу барысын жеке бақылауына алуды тапсырды.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.