jasqazaq.kz

Ағайындыларды өлтірді деген күдіктілердің адвокаты қанды оқиғаның мән-жайын айтып берді

06 қазан 2016, 1:52

84e8610fc1129e16d47573390ea06ab5_resize_w_520_h_

Талғат Сүлейманов пен Мұрат Оңалбаевтың адвокаты Алматы облысында қаза тапқан ағайындылардың өліміне қатысты оқиғаның мән-жайын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Жамбыл облысында Сұраншы батыр ауылының 44 және 41 жастағы тұрғындары үш ер адамды — Жарқынбек Долданды, Мұқият Зарылханды және Әлімхан Қадылбекті өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын.

Адвокат Меркебек Мәкенбаевтың айтуынша, оның қорғалушылары осыған дейін сотты болмаған. «Олардың отбасылары бар. Әрқайсысында жеке жер үй мен малы бар. Сүлеймановтың үш ұлы бар — кенже ұлы үш жаста. Оңалбаевтың да үш ұлы бар. Олар Ұзынағаштан 25 шақырым жердегі ауылда тұрады», — деді адвокат.

Сонымен қатар, адвокаттың айтуынша, қайтыс болған ағайындылар мен күдіктілер таныс болмаған. Күдіктілерден алынған жауап бойынша, оқиғаның хронологиясы былай өрбіген:

«17 қыркүйекте Сүлейманов Ұзынағаштағы мал базарына барады. Ол мал шаруашылығымен айналысады. Сенбіден жексенбіге қараған түні базарда әдетте адамдар көптер жиналады: біреу мал әкеледі, екіншісі орын алып қояды. Осылайша менің қорғалушым да сол күні базарға келіп, өзінің 2-3 бұзауын сатады. Кейіннен Сүлейманов екі КамАЗ-бен мал әкелген ағайындыларды көріп, олармен саудаласа бастайды. Сүлейманов 16 бас сиыр сатып алады», — деп баяндады адвокат.

Алынған тауар үшін күдікті Сүлейманов сатушыларға 2 миллион 240 мың теңге береді. Содан күдіктілер ағайындылардың Камазымен малдарды Сұраншы батыр ауылына апарады. Жолда Сүлейманов өзінің ауылдасы Оңалбаевқа хабарласып, одан малдарды көліктен шығаруға көмектесуін сұрайды. 28 қыркүйекте шамамен сағат 13.00-де олар Сүлеймановтың үйіне келіп, малдарды сонда қалдырады. Айта кетейік, олар ағайындылардың 36 малын сатып аламыз деп келіскен екен.

«Содан Сүлейманов оларды алдап, 20 малды оның тау жақта тұратын туысы алғысы келетінін айтады. Сонда қалған ақшаны береміз деп келіскен. Олар оралмандарға тағы екі миллион 800 мың теңге төлеу керек болатын. Осылайша мал сатушылар келісіп, менің қорғалушым өзімен бірге винчестер алып шығады. Ағайындардың «Неліктен қару алып шықтың?» деген сұрағына Сүлейманов онда қасқырлар көп деп, қаруды қойшыларға апарып беретінін айтқан», — деді Меркебек Мәкенбаев.

Тауға баруға келіскен үш ағайынды мен күдіктілер осылайша жолға шығады. Олардың соңынан сұр түсті Mercedes көлігін жүргізіп келе жатқан Оңалбаев келеді. Таудағы қораға жақындаған бойда олар Сулы сай шатқалының алдына барып тоқтайды. Содан малшылар Камаздан 12 малды түсіреді.

«Шатқалға жеткенде Сүлейманов қасындағы ер адамның арқасына оқ атады. Алайда ол құламайды. Содан менің қорғалушым екінші рет тағы оқ атады. Содан ер адамның мәйітін алып, шөптің арасына тығып, ары қарай кете береді. Сол жақта Сүлейманов ағасының мал қорасында қалғанын айтады. Шатқалда Талғат Сүлейманов екінші ер адамды атып өлтіреді. Осыны көрген Мұрат оған бас салып, осы қылмыс үшін қамауға алынатындарын айтқан. Ал Талғат болса оның бұл айқайына «Егер сен маған қазір көмектеспесең, сені де өлтіремін» деп жауап қайтарған», — деді адвокат.

Сүлейманов Мұратты қорқытып, оған үшінші ер адамды шай ішуге шақыруын бұйырады. Содан Мұрат үшінші ер адам жаққа қарай бет бұрған болып, жолда жасырынып қалады. Бірнеше уақыт өткен соң Сүлеймановтың өзі сол жаққа қарай барып, табиғатты тамашалап жүрген үшінші ер адамды көреді.

«300 метр биіктікте тұрып, винтовкамен үшінші ер адамның басына оқ атады. Содан Мұратты тауып алып, оны көмектесуге мәжбүрлейді. Сөйтіп екеуі мәйіттерді Камазға салады. Мүрделерді Камаздың ішіндегі тезектермен жауып тастайды. Кейін жолға шығады. Алайда жүк көлігі жолда бұзылып қалады. Содан олар Камазды сол жақта тастап, үйлеріне қайта береді. Мұның барлығын Сүлеймановтың өзі айтып берді. Кінәсін толықтай мойындады. Ағайындыларды өлтірген соң қатты қиналғанын және дүйсенбіде өзі келіп, кінәсін мойындамақшы болғанын да айтты. Сондай-ақ, ол үш ер адамды 20 малды тартып алу үшін өлтіргенін айтты», — деді адвокат. Сонымен қатар, адвокат күдіктілердің бұл қылмысты алдын ала ойластырмағанын мәлімдеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданында мал саудасымен айналысып жүрген үш жігіттің жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті.

Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Долданұлы Жарқынбек (1979 жылы туған), Зарлыханұлы Мұқият (1973 жылы туған), Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. 19 қыркүйекте соңғы рет байланысқа шыққан. Бірнеше күннен кейін олардың денесі табылды. Өлтірілген ағайындыларды өлім алдында айуандықпен қинағанын хабарлаған болатынбыз.

27 қыркүйекте үш жігіттің мәйіті жер қойнауына тапсырылды. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа бұл іске қатысты тергеу барысын жеке бақылауына алуды тапсырды.

Бүгін ағайынды үш жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шыққаны хабарланды.

baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде