jasqazaq.kz

Ағайындылардың өліміне қатысты тағы бір күдікті пайда болды

05 қараша 2016, 3:34

57e8e2c06d55378923

Ұзынағаштағы ағайынды 3 азаматтың өліміне қатысы бар болуы мүмкін дегендердің қатары күн өткен сайын көбейіп келеді. Жақында ғана қылмысқа қатысы бар деп үшінші күдікті ұсталса, бүгін марқұмның жақындары қылмыс жасалған қару иесінің атын атады. Сонымен қатар ағайынды 3 азаматтың туыстары алғаш болып «31 арнаға» еш жерде көрсетілмеген кей мәселелерді айтып берді.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, қылмыс жасалған қарудың иесі — Қаскелең тұрғыны Жанай Сүлейменов есімді азамат екен. Ол 3 азаматты өлтірді деген күдікпен ұсталған Талғат Сүлейменовтың туысқан ағасы болып шықты. Жәбірленушілер сөзінше, ол бұған дейін полицияда қызмет істепті.

ЕРКІН БЕЙСЕКЕ, Жәбірленуші:
— Бұрын Талғат айтқан мен қаруды 100 мың теңгеге көпірдің астынан Валерий деген орыстан сатып алдым деген. Бірақ ол ағама зияны тимесін деп айттым дейді. Негізі қару Жанай Сүлейменовтікі болып шықты.

Ел естімеген тағы бір айғақ -мал жайлы. Жоғалған 41 бас ірі қараның 36-сы иелеріне қайтарылып, қалған 5-уін күдіктілер сатып жібердік деген. Ескеретін жайт, мал сатыларда толық құжатымен сатылады. Бірақ, күдіктілер тергеушілерге сатып жібердік деген 5 малдың да, яғни барлығы 41 бас ірі қараның құжатын берген. Сонда қазір жоғалған 5 мал сатылмаған, оларды күдіктілер, не болмаса, олардың сыбайластары тығып отыр дейді марқұм туыстары.

ТҰРСЫН ӘМІРБАЙ, Жәбірленуші:
— Малды сайдың ішіне апарғанда зорлап апаруы мүмкін. Бұл бір. Одан кейін біздің адамдар малды бірден айдатып, бірден сатып, қалғанын айдатып, жартысын сатпайды. 3 ке бөліп түсірмейді бұлар. Сол үйден ақшасын алып қайтатын.

АДАЛ ЗАРЫЛХАН, Жәбірленуші:
— Екі қылмыскердің сөзі ек түрлі. Осылай болып тұр. Сенімсіз. Тексердік дейді. Бірақ олардың сөздері бір бірінікіне келмейді. Одан басқа факт жоқ дейді.

Осындай мәселелер ескерілгенде, талай шикіліктің шеті шығып, қылмыстың басында тұрған адамдардың аттары да шығар еді дейді марқұмның жақындары. Қазір қамауға алынған Мұрат Оңалбаев, Талғат Сүлейменов және қылмысты көре тұра полицияға хабарламады деген Бақыт Байқасымов есімді азамат. Ұзынағашта ағайынды Мұқият, Қадылбек және Жарқын деген жігіттерді өлтірді дегендерге қатысты сот отырысы қашан болатыны қарашаның 15-не қарай белгілі болмақ.

31.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде