jasqazaq.kz

Ағайынды үш жігіттің өліміне қатысы бар деген күдіктілер кімдер?

26 қыркүйек 2016, 22:40

d92ee0371b87f7626523f648f3ede575_resize_w_520_h_

Өткен жексенбі, яғни 18 қыркүйек күні, Ұзынағаш базарында мал сатумен айналысып жүріп жоғалып, соңында сүйектері табылған үш азаматтың өліміне қатысты күдіктілердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz.

1979 жылы туған Долданұлы Жарқынбек, 1973 жылғы Зарлыханұлы Мұқият пен Әлімхан Қадылбек есімді жігіттердің қылмыскерлер қолынан қаза тапқаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Қазаға ұшыраған азаматтардың жақындары бүгін Сот сараптамалық орталығынан үш мәйітті алып, Алматы облысы Көксу ауданына алып кетті.

Олардың өліміне Жамбыл облысының тумасы – Талғат және Оңалбаев Мұрат есімді адамдар кінәлі. Олар, аталған үш азаматты 18 қыркүйек күні кешке қарай 16:00-17:00 аралығында екеуін басынан, біреуін кеудесінен атып өлтірген.

Бұл туралы Сот медициналық сараптамалық орталығынан мәйіттерді алған үш адамның туысқандары өздері көрген, естіп білген жайттарды баяндап берді.

Оқиғаның толық хронологиясын мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ, аталмыш қылмыстық оқиғаға бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар болуы мүмкін деген мәліметтермен бөлісті қайтыс болған жігіттердің туған-туыстары. Әзірге, бұл жайында ішкі істер органдары ресми түсініктеме берген жоқ.

Марқұмдардың жаназасы ертең Алматы облысының Көксу ауданында өтеді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде