jasqazaq.kz

«Астана банкінің» менеджері 160 млн теңгені жымқырған

04 маусым 2019, 10:38

«Астана банкінің» топ-менеджері 160 млн теңге қаражатты жымқырған. Бұл туралы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Аталған комитеттің Экономикалық тергеу қызметі Әділет министрлігіне қарасты Республикалық құқықтық ақпарат орталығының шотынан 160 млн теңге қаражатты жымқыру фактісін әшкереледі. «Астана Банкі» АҚ-ның басқармасы төрағасының орынбасары Е.Ж.Увалеев 2012 жылдың қазан айында Республикалық құқықтық ақпарат орталығының атынан төлем тапсырмасын қолдан жасап, ұрланған қаражатты өзіне бағынышты компанияның шотына аударған. «Аталған қылмысты 6 жыл бойы жасыруға сол банктің менеджері А.Х.Жундугулова көмектесіп келген. Ол ай сайын Республикалық құқықтық ақпарат орталығының бухгалтериясына олардың шоты бойынша жалған мәліметтер беру арқылы мемлекеттік кәсіпорнында өзіне қатысты жасалған алаяқтық туралы білуіне мүмкіншілік болмаған. Тергеу барысында күдіктілер өз кінәларын мойындап, келген шығындар көлемін толықтай өтеді. Тергеу барысында күдікті Е.Ж.Увалеев соттың санкциясымен қамауда болды», — делінген хабарламада. Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының үкімімен Е.Ж.Увалеев пен А.Х.Жундугулова кінәлі ретінде танылып, қылмыстық жауапқа тартылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде