jasqazaq.kz

Газ құбырын үйдің қақ ортасынан жүргізген

21 мамыр 2019, 11:40

Газ құбырын үйдің қақ ортасынан жүргізген Ақтөбелік тұрғын шенеуніктердің кесірінен үйінің құрылысын бітіре алмай отыр. Себебі, қала іргесіндегі ауылға газ құбырын тартқанда оны Баян Ешімованың шаңырағының қақ ортасынан жүргізген. Енді тұрғын осы құбыр желісін не істерін білмей отыр. Оны жүргізген қала құрылысы бөліміндегілер болса бұл жайдан хабарсыз болдық дейді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ақтөбенің іргесіндегі бүтін бір ауылды газбен қамтып отырған құбыр дәл Баян Ешімованың үйінің қақ ортасынан өтеді. Соның кесірінен олар төрт жылдан бері құрылысты бітіре алмай сенделіп жүр. Заң бойынша биыл үйдің төбесін жауып, есік-терезесін бүтіндеп болуы тиіс. Себебі, мемлекеттен кезекпен алған жер болған соң талап солай. Бірақ оған құрылыс бөліміндегілердің жіберген қателіктері қолбайлау.

Баян Ешімова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

— Әкімдіктің ақшасына жүргізген. Бірақ үйдің ішінен жүргізуге болмайды ғой. Басқаларынікі дұрыс та, біздікі қырсыққанда солай боп тұр.

Қызылжар ауылындағы газ құбырын біреудің баспанасының қақ ортасынан өткізгендерін құрылыс бөліміндегілер білмедік деп отыр.

Ислам Ізбасқанов, Ақтөбе қалалық жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімінің бас маманы:

— Газ желісінің бар-жоғын білген жоқпыз. Оны құрылыс бөлімі 2011-де жүргізген. Сол газ құбырын жүргізген мекемені шақыртамыз сол аумаққа. Оны газды ауыстыру мәселесін қарастырамыз.

Енді әкімдіктегілер кезінде газ құбырын тарту үшін тендер ұтқан компанияны іздеп жатыр. Желіні өзгертуге тек солардың құқығы бар. Бірақ үй иесі әкімдіктегілер бұл жолы газ құбырын ауыстырмаса, еш ескертусіз өзім қиып тастаймын деп отыр. Ол кезде бүтін бір ауыл көгілдір отынсыз қалады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде