
Қостанай қаласында 5 жасар бала ғимараттың 5-қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға 17 мамыр күні сағат 22.30 шамасында Қостанай қаласында болды. «Көп қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан 5 жасар бала құлап кетті. Ол бірден балалар ауруханасына жеткізілді. Баланың іші мен астыңғы ерні жарақаттанған», — делінген төтенше жағдай департаментінің баспасөз хабарламасында. Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа, дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды.