jasqazaq.kz

Алюминий зауытында жұмысшы көз жұмды

13 мамыр 2019, 13:20

Павлодарда алюминий зауытында «Ай-Су Мелиорация» ЖШС-ның жұмысшысы көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша шлам құбырын монтаждау кезінде 59 жастағы ер адамды құбыр басып қалған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Қазақстан алюминийі» АҚ баспасөз қызметінің Instagram әлеуметтік желісінің ресми аккаунтында орналасқан мәліметке сүйенсек, 2019 жылы 12 мамырда сағат 10:30-да Павлодар алюминий зауытының шлам алаңында «Ай-Су Мелиорация» ЖШС-ның жұмысшысы қайғылы жағдайға ұшыраған. «Зардап шеккен адам ауруханада көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеу басталды», — делінген хабарламада. Сонымен қатар аймақтық еңбек басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы Абылай Сабыров аталған факті бойынша тексеру басталғанын айтады. «2019 жылғы 12 мамырда жұмысшы шлам құбырын монтаждау кезінде құбыр басып қалған. Бұл алдын ала болжам. Тергеу жүргізетін боламыз. Оқиға орнында барлығы тіркелді, тергеу жүргізілуде», — деді Абай Сабыров. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша ер адам өмірімен үйлеспейтін жарақат алған.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде