jasqazaq.kz

«Ливерпуль» Чемпиондар лигасының финалына шықты (видео)

08 мамыр 2019, 9:37

Англиялық «Ливерпуль» Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында «Барселонаны» ірі есеппен жеңіп, финалға жолдама алды.

«Энфилдте» өткен ойында алаң иелері сапында көшбасшылар ойнаған жоқ — мысырлық Мохамед Салах пен бразилиялық Роберто Фирмино жарақат алған болатын. «Барселонада» өткен алғашқы матч каталониялықтардың пайдасына 3:0 есебімен аяқталған еді, ал»Ливерпуль» өз алаңында қонақтар қақпасына жауапсыз төрт гол соқты.

7-минутта Дивон Ориги есеп ашқан. Үзілістен кейін «Барселона» қақпасында доп тағы үш рет тулады. 54 және 56-минуттарда Джорджиньо Вейналдум қанжығасын майлап, екі матч нәтижесі бойынша есепті теңестірді. Ал 79-минутта Ориги өз мүмкіндігін жібермей, матчтың нүктесін қойды — 4:0. Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша «Ливерпуль» «Барселонаны» 4:3 есебімен жеңіп, қатарынан екінші жыл финалға жолдама алды. Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда Мадридтегі «Метрополитано» стадионында өтеді.

https://youtu.be/NALIuh8HZrc

Vesti.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде