jasqazaq.kz

Әрбір екінші әйелді күйеуі тастап кеткен

06 мамыр 2019, 17:30

Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова үкіметтің баспасөз конференциясында өңірлерде өзінің алдына жағдайын айтып, атаулы әлеуметтік көмек сұрап келген әрбір екінші әйелді күйеуі тастап кеткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«5-6 баласымен тастап кеткен отбасылар бар. Мысалы, Семейде ер адам әйелін 6 баласымен тастап кеткен. Оған ешқандай алимент төлемейді», — дейді премьер-министрдің орынбасары.

Әбдіхалықова статистика бойынша Қазақстанда жылына 50 мың ерлі-зайыпты ажырасатынын мәлімдеді.

«Бұл өте нашар көрсеткіш… Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 912 іс қозғалды. Бізге отбасындағы әйелге, балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы айтып келген әйелдер көп болды.

Алименттен жалтармақ болғандарға қатысты 3 мыңнан аса іс қозғалған. Әйелдер күйеуінің балаларына моральдық, материалдық тұрғыда көмектесуден бас тартқанын айтты. Біз бүкіл әлем болып бұл жайсыз құбылысқа қарсы тұруымыз керек.

Біздің ұлттық санамызда әлеуметтік арамтамақтық деген болмаған. Қашанда дұрыс, адал және таза еңбекпен өмір сүрдік», — дейді Әбдіхалықова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде