jasqazaq.kz

Қостанайда 1,5 мың гектар орман өртенген

05 мамыр 2019, 17:28

Қостанай облыстық ТЖ департаментінде өртке қарсы күрес бойынша брифинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Журналистермен кездесуде Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Өрімбаев жаз келіп, өрт қауіптілігі кезеңінің басталуына байланысты өңірдегі жағдай туралы әңгімелеп берді. «Шаруалар ауыл шаруашылығы жұмыстарына дайындық кезінде қажетсіз шөп, сабанды өртеп жібереді. Көп жағдайда егістіктерді өртеу дұрыс қадағаланбайтындықтан жалынның орман алқаптарына өтіп кетуі жиі кездеседі», — деді А.Өрімбаев. ТЖД өкілінің айтуынша, 29 сәуір мен 3 мамыр аралығында 188 өрт сөндірілген. Олардың 25-і — өрт те қалған 163-і — қураған шабындық, шөп пен сабанның қалдығын жағудан шыққан. «Өрт қауіптілігі кезеңі басталғалы бері Қостанай облысында 158 1126,43 гектарды шарпыған дала өртенді. Орман өртіне келсек, 3 мамырдағы жағдай бойынша 1 531 гектар аумақты қамтитын 7 орман өрті болды», — деді А. Өрімбаев. Өрт болған жағдайда, құтқарушылар төтенше жағдайды «101» немесе «112» нөмірлеріне дереу хабарлау — әр азаматтың міндеті екенін еске салады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде