jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтан маңында пойыз апатқа ұшырады

05 мамыр 2019, 13:04

Бес вагон бір қырына аударылған, оқиға орнында арнайы комиссия құрылды.

Ақмола облысында дизель отыны бар сегіз вагон рельстен шығып кетті. Төтенше жағдай 5 мамыр күні 01:55-те Нұр-Сұлтан – Көкшетау теміржол учаскесінің Ақкөл станциясында болған. Жүк пойызының сегіз вагонының бесеуі бір қырына аударылып, дизель отыны төгілген.

«Аталған жағдайды тергеу үшін оқиға орнында арнайы комиссия құрылды. Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін Бурабай және Нұр-Сұлтан станцияларының қалпына келтіру және өрт пойыздары, сондай-ақ Ақкөл ауданы ТЖБ өрт сөндіру машиналары мен персоналы жұмылдырылды», — делінген хабарламада.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп жазады Sputnik. Баспасөз қызметінің ақпаратынша, жүк пойызының апатқа ұшыруына вагон рамасының сынуы себеп болған, вагондардың меншік иесі – «Исткомтранс» ЖШС. Төтенше жағдай болған учаскеде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысына кедергі келтірілген жоқ. ҚТЖ атап өткендей, заңда белгіленген тәртіппен барлық шығынды жүк вагонының меншік иесі өтейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде