jasqazaq.kz

«Канело» мен Джейкобс салмақ өлшеу рәсімінде төбелесіп қалды

04 мамыр 2019, 12:29

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (51-1-2, 34 КО) пен америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) салмақ өлшеу рәсімінен кейін көз арбасу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz. Көз арбасу кезінде боксшылар жанжал ұйымдастырып, оларды команда өкілдері мен ұйымдастырушылар ажыратты. Еске салайық, Альварестің салмағы 159,5 фунт болса, Джейкобстікі 160 фунтты көрсетті. Орта салмақтағы лимит 160 фунтты құрайды. «Канело» – Джейкобс жекпе-жегі 5 мамыр күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді. Боксшылар үш әлем чемпионы титулы үшін таласады – WBA Super, WBC және IBF. Олардың барлығы былтыр қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге тиесілі болған еді. Головкин IBF белбеуін оны қорғауға міндетті айқастан бас тартқаны үшін жоғалтса, қалған үш белбеуді Альвареспен рематчта жеңіліп, айырылып қалды.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде