jasqazaq.kz

Түркістан облысының оқушылары «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының финалына қатысады

03 мамыр 2019, 17:47

Түркістан қаласында ең ауқымды республикалық «SportFEST Kazakhstan» мектеп жобасының іріктеу туры өтті. Жоба бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын және жастар арасында патриоттық тәрбиені дамытуға және танымал етуге бағытталған.

Турнирге Түркістан облысының 16 ауданынан 528 оқушы қатысты. Жарыс спорттың алты түрі бойынша өтті — бұл футзал, шахмат, үстел теннисі, баскетбол, тоғызқұмалақ, сондай-ақ әскери-қолданбалы спорт бойынша турнирлер.

Жастар жобасының ұйымдастырушылары – «Самрұк-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, сондай-ақ «Менің елім» әлеуметтік инвестиция бағдарламасымен бірлескен «Коммуникациялық бастама және стратегия қоры». Ол 2019 жылы наурызда басталды. Іріктеу ойындары еліміздің 15 өңірінде өтті. Келесі кезекте Нұр-сұлтан және Ақмола облысы.

Жобаға барлығы 7000 адам қатысуы жоспарланған. Қорытынды Балдәурен лагерінде (Щучинск қаласы, маусым 2019) өтетін финалында шығарылады.

Жарыс нәтижесі бойынша әр спорт түрінен үздік спортшылар анықталды. Бірінші орын үшін: спорттық роликтер, екінші орын: брендтелген рюкзак және Power bank (мобильді аккумулятор), үшінші орын: скейтборт, сондай-ақ олар финалға жолдама алды. Аймақтардағы чемпиондардың аттарымен жобаның ресми сайтынан танысуға болады – www.sportfest.kz.

— Біздің облыс басшылығының атынан спартакиаданың ұйымдастыру комитетіне оқушылар арасында осындай бұқаралық жарыстар өткізгені үшін алғыс айтқым келеді. Бұл жобаға екі жыл болды, бірақ ол біздің балаларымыздың ең күтілгендерінің бірі болғанын батыл мәлімдеуге болады. «SportFEST Kazakhstan» — бұл біздің аймақта және тек қана емес, бірегей жоба. Өйткені ол ең алдымен бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын және жастар арасында патриоттық тәрбие беруді насихаттауға бағытталған, деп атап өтті Қайрат Араб, Түркістан облысы Білім басқармасының бас маманы.

«SportFEST Kazakhstan» спартакиадасы екі кезеңнен өтетінін еске саламыз. Алдымен аймақтар жарыстар өткізіледі. Аудан және облыстық маңызы бар қалалар арасындағы жарыстар әрбір облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізіледі. Екінші кезеңде әр спорт түрінің жеңімпаздары облыс немесе республикалық маңызы бар қалалар намысын қорғайды.

Айта кету керек, жарыстан кейін іріктеу турларында қолданылатын барлық спорттық құралдар (теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары) әр өңірдегі мектептерге сыйға беріледі. Түркістан облысында — Түркістан қаласы әкімдігі білім бөлімінің №27 жалпы орта мектебі және Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қызылтаң» жалпы білім беретін мектебі.

Біздің соңғы жаңалықтарымызды ресми сайтымыздан біле аласыздар: www.sportfest.kz. Сұрақтар туындаған жағдайда жедел желі нөмірене хабарласуға болады: +7 747 248 23 59, +7 701 506 62 02

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде