jasqazaq.kz

Бұдан былай мекемелер азаматтардан анықтама талап етпейді

03 мамыр 2019, 14:43

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Digital office Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің азаматтардың мекенжай анықтамасын алудан бас тарту туралы бастамасын қолдайды. Бұл туралы Digital office-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Қазіргі тетіктер аясында, егер заңды тұлғаға немесе мемлекеттік органға ақпарат қажет болса, олар осы азаматтың анықтамасын өздігінен бір реттік пароль немесе мобильді азаматтар базасы арқылы ала алады. ЕХӘҚМ Digital office қызметтері аясында деректерді азаматтардың қатысуынсыз алу үлгісіне өтеді. Енді азаматтан еңбек жағдайы (жұмыссыздық) туралы анықтаманы талап еткен ұйым оны қызықтыратын ақпаратты жеке тұлғаның тікелей қатысуынсыз алуы тиіс. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мынадай мәлімдеме жасады: «Бізде адамдардың жұмыссыз екенін айғақтайтын анықтама бар. Осы бастама аясында аталмыш анықтаманы жоюды мақсат етіп қойдық. Ол мектеп, банк, сот және т.б. бірқатар мекемелер үшін қажет. Барлық бағыттар бойынша биыл осы анықтаманы алу қажеттігін тоқтату үшін тиісті өзгерістер енгіземіз». Н. Мұқышев азаматтардың өзі туралы жеке деректерді алуға келісімді sms-хабарлама көмегімен бере алатынын түсіндірді.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді