jasqazaq.kz

Қордай маңында автобус апатынан 11 адам көз жұмды

20 сәуiр 2019, 12:15

Жамбыл облысында жолаушылары бар автобус жол апатына ұшырады: 11 адам қаза тапты. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлайды

20 сәуірде таңғы шамамен 5.00-де Жамбыл облысы Қордай ауданында, Алматы — Ташкент автожолының 181-ші шақырымында Toyota маркалы көлік жол шетінде тұрған жүк көлігін соққан. Осы сәтте жолмен келе жатқан жолаушылар автобусы осы көліктермен соқтығысудан қашып, салдарынан жол шетіне шығып кетіп, аударылып қалған. Жол апаты салдарынан оқиға орнында 8 адам қаза тауып, тағы 32-сі медициналық мекемеге жеткізілген. Ауруханада тағы үш адам қайтыс болған. Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Б.Орынбеков, облыс прокуроры Д.Құсайынов, облыстық полиция департаментінің басшысы, төтенше жағдайлар департаментінің басшысы және қорғаныс істері басқармасының басшылары аттанды. Апат-құтқару жұмыстарына 50 адам жұмылған. Сондай-ақ құтқару қызметінің 15 дана техникасы тартылған.

Облыс әкімдігі дереу жедел штаб құрып, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті психологтар кезекшілік ететін «Қауырт желі» ашты — +7(7262) 513575 және +7(7262)514167. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде