jasqazaq.kz

Жұмыстан шығып қалған жолсеріктер наразылық білдіруде

18 тамыз 2016, 14:17

Пойызға билетсіз жолаушы алып, жұмыстан шығып қалған жолсеріктер басшылықтарына наразылық білдіріп жатыр. Шу шығарғандар заңға қайшы келіп, билетсіз жолаушы мінгізуге амалдың жоқтығынан барып отырмыз, –  дейді. Өйткені, компания вагоннның керек жарағына ақша бөлмейді дейді. Күн көру үшін осылай істемеске амалдарының жоқтығын айтады.

Теміржол торабында тағы жиын. Осыдан бірнеше ай бұрын бас қосып, жұмыстарында түрлі келіспеушіліктер жиі болады деп айтқан еді. Бұл жолы да ашулы ағайынның айтар арызы жетерлік. Сөздерінше, жұмыстарына жаңа басшылық келіп, 44 адам қызметтерінен босатылыпты. Олардың арасында өз еріктерімен кеткендері де бар. Қызығы сол, басым бөлігін билетсіз жолаушы алғаны үшін жұмыстан шеттетіпті, яғни теміржол заңдарына қайшы келетін әрекеттері үшін. Бірақ жиналған жолсеріктер бұл жағдайды заңсыз деп есептемейді.

Амалсыздан осындай заңсыз әрекетке барамыз дегенге басшылық келіспейді. Өйткені, қажетті ақша бөлінеді екен. Ал бүгін топтап жиылып, жұмысқа шықпаймыз деп ұран салғандарға айтарымыз да жоқ емес дейді.

«Филиал экспресс» ЖТ АҚ филиал басшысы Елікбай Айтбаев «Жұмысқа шықпаймын деген әңгіме болмайды. Бұл заңға қайшы әрекет. Егер мына жиналған кісілер жұмысқа шықпайтын болса мен оларды сотқа беремін» – деп отыр.

Ал жолсеріктер шағымы мұнымен таусылар емес. Сөздерінше вагондарда олардың жатып демалатын орындары толық болмағандықтан, жуынатын бөлмеде жерге жатып ұйықтайды екен. 5 жылда бір өтетін аттестация, 3 жылға ауыстырылып, есімізді тандырды, – дейді олар. Ал сағаттың азаюынан, айлықтары кеміп кеткен.

 

31.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде