jasqazaq.kz

Мешіттегі атыстан кейін Жаңа Зеландия әйелдері орамал тақты

24 наурыз 2019, 11:44

Жаңа Зеландияның мұсылман әйелдері терактіден кейін үйлерінен шығуға қорқатындарын мойындаған. Оларды қорғау үшін жергілікті тұрғындар да орамал тақты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымының орыс нұсқасына сілтеме жасап.

Жаңа Зеландиядағы әйелдер 50 адам қаза болған мешіттегі атыстан кейін мұсылмандарды қолдау үшін орамал тақты. Мұсылман әйелдердің көбі үйден шығуға қорқатындарын мойындады. Елдің премьер-министрі Джасинда Ардерн мұсылман қауымы мүшелерімен кездесуге бірінші рет орамал тағып келді.

Неге мен бүгін орамал тақтым? Басты себеп — біреу қайтадан қаруын адамдарға тақайтын болса, мен басқалармен бірге сол адамның алдында тұрғым келеді және оның айырмашылық байқағанын қаламаймын. Өйткені айырмашылық мүлде жоқ», — деді Крайсчерч Белл Сайбли.

«Бүгін айтулы күн: шабуылдан кейін бір апта өтті. Міне, мұсылман әйелдермен ынтымақтастығымызды білдіре отырып, орамал киіп шықтық және оны мақтанышпен тағамыз деп айта аламын. Бұл әйелдерге қолдау көрсету белгісі болады деп үміттенемін. Бұл олардың біздің қоғам мүшесі екенін көрсетеді», — деді жергілікті тұрғын Родин Молони. Жаңа Зеландияда лаңкестердің әрекетінен кейін жартылай автомат қаруға тыйым салынды. Басылым ақпараты бойынша, 22 наурыз жұма күні ел тұрғындары қаза тапқандарды бір минут үнсіздік жариялап, еске алды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде