
Қырғызстан азаматы велосипедпен Қазақстаннан бензинді заңсыз тасымалдап бара жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қордайдағы Сортөбе авто шекара наряды Қырғыз республикасының 60 жастағы азаматын ұстады. Ол АИ-92 маркалі жанар-жағармайдың 30 литрін алып өтпек болған», — деді ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен. Өткен демалыста Сортөбе мен Қарасу авто посттарынан 148 литр бензин мен 700 литр дизельдің заңсыз тасымалының жолы кесілді.