jasqazaq.kz

Биыл Наурыз көжені әзірлеу қымбатқа түседі

21 наурыз 2019, 17:54

Ұлыстың Ұлы күні әзірленетін Наурыз көжеге қосатын қоспалар өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға қымбаттады.

Наурыз көжені әркім өзінше әзірлейді. Бірақ ет, арпа және сүтті тағамдар, тұз, су міндетті түрде қосылады. Көже жеті түрлі қоспамен дайындалады. Наурыз мейрамында әзірленетін көжеге қосатын қоспалар қымбаттап кеткен. Тұз өткен жылмен салыстырғанда наурызда 2,5 пайызға қымбаттаған. Яғни, 52 теңгеге көтерілді.

Жоғарғы сұрыптағы ұн 8,2 пайызға шығып, 162,9 теңге болды. Ал кеспе наны 46,1 пайызға қымбаттап, 592,5 теңгені құрады. Дәнді дақылдан тары қымбаттаған, оның бағасы — 254,2 теңгеге көтерілді.

Сүт 239 теңге, өткен жылмен салыстырғанда 10,7 пайызға қымбаттаған. Айран бір жылдың ішінде 4,8 пайызға көтерілген. Қазіргі орташа бағасы 286 теңге. Жылқы еті 1780,4 теңге, сиыр 1562,6 теңгеге дейін, ал қой еті 1474 теңге болып тұр.

Дереккөз: sn.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде