jasqazaq.kz

Түтінсіз әлем немесе инновациялық баламалар темекіні тастауға қалай көмектеседі

20 наурыз 2019, 18:25


Лондондық дизайн музейінде адам тұрмысындағы телефондар, компьютерлер, аудио- және бейнетасымалдағыштар, ойын құрылғылары мен тағы да басқа көптеген түрлі заттардың эволюциясын көрсететін тұрақты экспозиция бар.

Стендтен стендке жылжи отырып, тіпті миллениал жас буынына жататын келушілердің өздері де, жақында ғана қолданыста болған, бұл заттардың келмеске кеткендегіне және де сыртқы жағынан да, технологиялық тұрғыдан да толығымен өзгеріске ұшырағандығына таңғалуда. Бәлкім, 20-30 жыл өткен соң, көрме жаңа жәдігерлермен, мәселен, темекімен және оның орнына келген, темекі шегушінің өмір сапасын жақсартқан, инновациялық өнімдермен толығатын болар?!
Күндердің күнінде темекіні тек ғана музейлерден көруге болады десек, әрине тым батыл айтқандық болар ма еді, бірақ бұл болжамымызды күнделікті көріп жүрген жағдай растап отырғандай. Бүкіл әлемдегі қалалардың, әсіресе мегополистердің көшелерінде темекі шеккендерді емес, жыл сайын жаңарып, сан түрі шығып жатқан, электронды гаджет ұстаған адамдарды жиі кездестіресіз. Зияндылығы аздау, балама өнімдер танымалдығы артуының жанама дәлелі мейрамханаларда немесе ұшақтарда темекі шегуге рұқсат етілмейтіндігі туралы ескерту жасаған уақытта, енді электронды құрылғыларға да тыйым салынатындығын қоса айтып өтетіндігі болып отыр.
Темекі өзінің қазіргі түрінде ХІХ ғасырдың аяғында-ақ пайда болған, бірақ адамдар темекіні ХХ ғасырдың ортасына қарай көп тұтына бастады. Бұл кезде темекі шегуге ешқандай шектеу болған жоқ, ол адам үшін тамақтану тәрізді табиғи процесс ретінде қабылданған сынды және өмірдің сәнді атрибутына айналды. Қарапайым жұмысшыдан, белгілі актерлер мен әншілерге дейін шылым шекті, көшелер мен саябақтарда, көліктер мен кинотеатр залдарында темекі тұтынылды.
Қоғамда темекі шегуге қатысты өзгерістер 1960-1970 жылдары байқала бастады, бұл уақытта әлемге темекі шегудің денсаулыққа зияндығы жайлы паш еткен, алғашқы ауқымды зерттеулер жасалды. Сонымен қатар, ғалымдар никотиннің өзі емес, жану процесінің зиян әкелетіндігін де анықтаған. Сол шақта ағылшын ғалымы Майкл Рассел: «Адамдар никотин үшін темекі шегіп, шайыр салдарынан өледі», — деген екен.
Вейптің алғашқы патенті 1963 жылдың өзінде-ақ пайда болған: оны америкалық Герберт Гилберт тіркеген болатын. Алайда өнертабыс өндірісі өте қымбатқа түскендіктен, өнім тарала қоймады. Электронды темекіні халыққа кеңінен шығару, 2004 жылы қытайлық ғалым Хону Ликтің ғана қолынан келді. Осы ретте электронды темекіге арналған никотиннің де темекі жапырағынан өндірілетіндігін атап өткен жөн.
Никотинді жеткізудің электрондық жүйелері арасында IQOS сынды темекіні қыздыруды негізге алатын өнімдер де бар. Олардың темекіден басты айырмашылығы – құрамындағы табиғи темекі пайдалану процесінде жандырылмайды, қыздырылады, соның арқасында шылымды тұтынудан пайда болатын зиянды әсер азаяды. Көптеген ғылыми зерттеулер дәлелденгендей, бұл өнімдердің денсаулыққа келтірер залалы аз, өйткені темекі шегуші үшін негізгі зиян, оны тұтатқаннан кейінгі құрамындағы улы заттардан келеді.
Тек осы он жылдықта технологияның дамуы темекінің балама өнімдерін жетілдіру үшін жаңа серпін берді. Бүгінгі таңда қолда бар ғылыми зерттеу нәтижелері осы өнімдерден болатын залалдың аздығын көрсетіп отыр, бұл сөзсіз, оның бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау мақсатына қызмет ету мүмкінкіндігі бар екендігін дәлелдейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде