jasqazaq.kz

Кәрім Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаев жайлы кітап жазбақ

20 наурыз 2019, 15:27

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов республикалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жазу ниеті бар екенін айтты.

«Нұрсұлтан Әбішұлы — ұлы адам. Ол жайында «Елбасы көмекші көзімен» деп аталатын кітап жазамын», — деді К.Мәсімов. Оның атап өтуінше, кітап барынша қызықты болмақ. «Жабық» беттері бар кітап қызықты болады», — деді ҚР ҰҚК төрағасы. Айта кетейік, Кәрім Мәсімов 2016 жылдың 8 қыркүйегінде еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді. Кәрім Қажымқанұлы 2003-2006 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі, Премьер-Министрдің орынбасары болған еді. Сонымен қатар ол 2007-2012 және 2014-2016 жылдары екі рет ел Үкіметін басқарды. ҚР Президенті Әкімшілігіне жетекшілік етті. Ол бірнеше мәрте өзін Президенттің көмекшісі деп атаған болатын. «2007 жылы қаңтарда, Нұрсұлтан Әбішұлы, мені алғаш рет премьер-министр етіп тағайындадыңыз. Сол кезде қандай қызметте болсам да, сіздің адал көмекшіңіз боламын деп уәде берген едім. Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгін қайта айтқым келіп тұр: мен әлі де сіздің көмекшіңізбін, әлі де шәкіртіңізбін. Қазақстанды дамыту бойынша үлкен істерді жүзеге асыруға менің де қатысуыма мүмкіндік бергеніңізбен мақтанамын», — деген еді Кәрім Мәсімов 2011 жылы. 2014 жылдың 2 сәуірінде қайта Премьер-Министр болған Кәрім Мәсімов Елбасының көмекшісі екендігін тағы да айтқан еді. «Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз 2007 жылы менің кандидатурамды ұсынған кезде мұны алғаш рет айтқан едім. Бұл жолы тағы да қайталамақпын: Нұрсұлтан Әбішұлы, мен Сіздің көмекшіңіз болдым, көмекшіңіз болып қала берем және барлық уақытта да Сіздің көмекшіңіз боламын», — деген болатын К.Мәсімов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде