
Таразда көлігімен 5 жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші әйел қамауға алынды. Оқиға дүйсенбіде болған. Тengrinews.kz хабарлағандай, қаланың орталық көшесінде Toyota Corolla көлігімен келе жатқан келіншек тізгінге ие бола алмай, жиырма жастағы қызды қағып кетті. Содан кейін жол шетінде тұрған төрт жүргіншіге барып соғылады.
Оқиға салдарынан, ауыр жарақат алған қыз, аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Қалған төртеуі түрлі жарақат алды . Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.