jasqazaq.kz

Левит — Тищенко жекпе-жегіндегі соққылардың статистикасы жарияланды

17 тамыз 2016, 17:38

2016 Rio Olympics - Boxing - Final - Men's Heavy (91kg) Final Bout 220 - Riocentro - Pavilion 6 - Rio de Janeiro, Brazil - 15/08/2016. Evgeny Tishchenko (RUS) of Russia and Vassiliy Levit (KAZ) of Kazakhstan compete. REUTERS/Yves Herman FOR EDITORIAL USE ONLY. NOT FOR SALE FOR MARKETING OR ADVERTISING CAMPAIGNS.

Бокстан Рио Олимпиадасының финалында жұдырықтасқан қазақстандық Василий Левит пен орыс боксшысы Евгений Тищенко арасындағы жекпе-жектің статистикалық көрсеткіштері жарияланды. Мәліметтерге сәйкес, Левит қарсыласына қарағанда екі есе көп соққы жұмсаған. Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлап отыр.

Естеріңізге салайық, аталған жекпе-жекте Васлий Левит Тищенконы үш раунд бойы қуып жүріп сабаса да, төрешілер орыс боксшысының қолын көтерген еді. Мұнан кейін тек қазақстандық БАҚ өкілдері емес, бүкіл әлемдік басылымдар AIBA төрешілерінің әділетсіздігін әшкерелеп, Левиттің «алтыны» ұрланғанын айтып келеді. Ал, марапаттау рәсімі кезінде залда отырған көрермендердің бәрі Тищенко тұғырға көтерілер кезде ысқырып, наразылықтарын білдірді.

CompuBox жүйесінің есебі бойынша, қазақ боксшысы қарсыласына қарағанда әлдеқайда көп соққы жұмсаған және дөп тию көрсеткіші жағынан да Левиттің дәлдігі екі есеге көп.

Мәселен, үш раунд бойы Василий Левит 234 соққы жұмсапты, оның 62-сі (26,5 пайыз) қарсыласына дәл тиген. Джеп соққыларының саны — 55, дәл тигені — 5 (9,1 пайыз). Ауыр соққылары — 179, дәл тигені — 57 (31,8 пайыз).

Тищенко болса небәрі 175 соққы жұмсаған көрінеді. Оның тек 35-і ғана қарсыласына дәл тиген (22,3 пайыз). Джеп соққыларының саны — 44, дәл тигені — 4 (8,3 пайыз). Ауыр соққылары — 109, дәл тигені — 31 (28,4 пайыз).

sn.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде