jasqazaq.kz

21 мың теңге жәрдемақы бір баласы бар мұқтаж отбасыларға да беріледі

14 наурыз 2019, 11:08

1 сәуірден бастап берілетін 21 мың теңге жәрдемақы бір баласы бар мұқтаж отбасыларға да төленеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты.

Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасы» хабарлады.

Вице-министр Жақыпованың сөзінше, елімізде әр балаға төленетін 21 мың теңге жәрдемақы тек көпбалалыларға ғана емес, бір баласы бар мұқтаж жанұяларға да беріледі. 1 сәуірден бастап. Сәуір мен желтоқсан аралығында, яғни биылғы тоғыз айға осы жәрдемақыны беру үшін 94 млрд теңге қарастырылып отыр.

«Негізі жоспар бойынша 2019 жылы 832 мың азаматқа қарастырылып отыр төлемдер. Балаларға 20789 теңгеден төмен төленбейді. Атап өту керек, көпбалалы отбасы болсын, бір балалы отбасы болсын, егер мұқтаж болса сол жанұяларға төленеді», — дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова.

 stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде