jasqazaq.kz

Жастардың 62 пайызы баспанаға мұқтаж

26 ақпан 2019, 15:54

Ел жастарының 62 пайызы яғни тең жартысынан астамы баспанаға мұқтаж. Ал бүгінде Қазақстанда 29 жасқа дейінгі азаматтардың саны – 4 млн.

Кезінде жас отбасыларды пәтермен қамту үшін 2020 жылға дейінгі арнайы бағдарлама да түзілді. Бірақ жоба осыдан 2 жыл бұрын тоқтап қалды. Ал қазіргі 7-20-25 бағдарламасы арқылы үй алайын десе, алғашқы жарнаға қаражат жетпейді. Бұған қоса ай сайынғы төлемді өтеу де оңай емес. Себебі жастардың айлығы мардымсыз. Мәселен, Еуразия ұлттық университетінің оқытушысының өзі небәрі 74 мың теңге табыс табады екен. Бүгін «Нұр Отан» партиясының панельдік сессияларының бірінде Мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен осындай мәселе көтерді. Түйткілді шешу үшін халық қалаулысы жастарға ипотекаға үй рәсімдеуге несие беру керек деген пікірде.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Мемлекет тарапынан арнайы бізде ипотекалық банктер бар, солар арқылы мөлшерлі түрде жас отбасыларға ипотека арқылы несие беріп, өздерінің тұрғын үй алуға мүмкіндігін жасау қажет.

Сондай-ақ Бақтияр Мәкен жастар жұмыссыздығы мәселесін де сөз етті.

Олқылықты шешуге «Нұр Отанның» жастар практикасы бағдарламасы ықпал етіп келеді. «Енді осы жоба шеңберінде оқуға түспей қалған мектеп түлектерін де оқыту мәселесін қарастыру керек», – дейді депутат.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде