jasqazaq.kz

Мәскеуде қазақстандық студенттің мәйіті табылды

26 ақпан 2019, 15:20

Ресейлік БАҚ Мәскеу мемлекеттік университеті химия факультетінің бесінші курс студенті Тамирлан Кирибаевтың қайтыс болғаны туралы хабарлады. Қазақстандық сыртқы істер министрлігі ақпаратты тексеріп жатыр. 

Кирибаев Астана қаласындағы № 60 мектеп-лицейді бітірген, үш республикалық пәндік олимпиадада, сондай-ақ Мәскеудегі Халықаралық Менделеев олимпиадасында жүлдегер болды. Хобби ретінде YouTube-дағы ғылыми-танымдық арнаны жүргізді.
«Комсомольская правданың» мәліметінше, студент жатақханада бөлмесінде ес-түзсіз жатқан жерінен табылған. Оның көршісі дәрігерлерді шақырған, өкінішке қарай олар 23 жастағы жігітті ажалдан арашалап қала алмаған.

Достары мен курстастарының айтуынша, талантты студент ешкіммен жанжалдаспаған, қандай да бір проблемасы жайлы айтпаған.

Дереккөз: sputnik

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде