jasqazaq.kz

Үйі өртенген көпбалалы отбасы далада қалды

22 ақпан 2019, 12:01

Ақтөбе қаласындағы Сүт зауыты ауданында үй өртеніп кетті. Қазір 6 балалы отбасы туыстарының үйін жағалап жүр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ақтөбе қаласында Байтөбетовтер отбасы далада қалды. Өрт кеше жергілікті уақытпен сағат 15:00-де тіркелді.

«Бір үйде 8 жан тұрамыз. Менің 6 балам бар. Баламыздың үлкені 5-сыныпта оқиды, кішкентайым — 3 айлық. Кешегі өрттен соң туыстарымызды жағалап, пана іздеп кеттік. Себебі, сол кезде үйде үш балам ғана болды. Інім сыртта, гараж маңында жүріп, үш бала далаға жалаң аяқ, жалаң бас жүгіріп шыққанда ғана көрген. Ішке кіріп, құжаттарын алмақ болды. Бірақ көбі жанып, екі баланың ғана туу туралы куәлігі қалды», — дейді үй иесі Мұрат Байтөбетов. Өрт болған кезде үйде 10, 5, 2 жастағы балалар ғана болған. Ойнап отырған балалар ойыншық алатын кезде өзге бөлменің жанып жатқанын көрген. Үй ішін қара түтін басқан кезде қорыққан балалар киімсіз далаға қашып шыққан. Үй иелері өрттің неден шыққанын білмейді. «Өрт кеше сағат 15:00-де болды. Алдымен үйіндегі заттары өртеніп, кейін өрт төбеге ұласты. Өрт сөндіру қызметінен 8 адам 2 автокөлік барды. Сонымен қатар, апаттар медицина орталығынан 3 адам, бір автокөлік жіберілді. Өрт 15:38-де ауыздықталып, 16:17-де толық сөндірілді», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде