jasqazaq.kz

«Инспирон», «Тирфинс» екі дәрі сатылымнан алынды

20 ақпан 2019, 10:54


Құрамында фенспириді бар дәрілер жүрек соғысын жиілетіп, тоқтатуы мүмкін

Sputnik  жазғандай, Қазақстанда «Эреспалдан» бөлек құрамында фенспириді бар тағы екі дәрі уақытша сатылмайды. Бұл туралы фармация комитетінің өкілі «Астана» арнасына берген сұхбатында хабарлады.
Олар – украиналық «Инспирон» және түркиялық «Тирфинс» препараттары. Фенспиридтің құрамындағы белсенді қоспа жүрек соғысын жиілетіп, тоқтатуы мүмкін. Бұл препараттар жөтел, ларингит, бронхит, бронх демікпесін емдеуге қолданылып келген.
Бірақ аталған дәрілердің тіркеу куәліктері әлі кері қайтарылған жоқ. Дәрінің нақты қауіпті екені анықталғанда ғана мемлекеттік тіркеуден алынып тасталмақ.
«Екеуін де біздің елде сату тоқтатылды. Еуропа медицина агенттігінен қосымша ақпарат күтіп отырмыз. Тағы ақпарат келіп түскен жағдайда қосымша шешім қабылдаймыз», — дейді ҚР ДСМ Фармация комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде