jasqazaq.kz

Астанада жоғалған оқушының денесі құдықтан табылды

20 ақпан 2019, 10:36

Астанада бірнеше күннен бері іздестіріліп жатқан оқушы бала өлі күйінде табылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«19 ақпан күні сағат 16:53-те Астананың Теміржол тұрғын алабында Орталық өңірлік аэромобильді шұғыл-құтқару жасағының құтқарушылары 2006 жылы туған баланы іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ол 16 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Сағат 23:40-та волонтерлар ашық жатқан кәріз құдықтарының бірінен жоғалған баланың денесін тапты. Құтқарушылар мәйітті алып шықты», — деді ресми өкіл. Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бақдәулет Өмірханның денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған. «Баланың жоғалу себебін анықтау және оның орналасу жерін анықтау мақсатында шұғыл-іздестіру тобы құрылды. Оған полицейлер, әскери қызметшілер, төтенше жағдайлар қызметкерлері енді. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына еріктілер қосылды. Әскери қызметшілер мен волонтерлар кенттегі (Теміржол тұрғын алабы) орманды алқаптарды, қараусыз қалған жер үйлерді, ашық алаңдарды, теміржол өткелдерін, кәріз құдықтарын, сондай-ақ техниканың көмегімен трассалар бойын тінтіп шықты», — деді Астана қалалық Полиция департаментінен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде