jasqazaq.kz

Есірткі тасымалдаған әйел ұсталды

17 тамыз 2016, 14:03

 

3214

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысында полиция есірткі заттарын тасымалдады және сақтады деген күдікпен 49-жастағы Шымкент қаласының тұрғынын құрықтады.

 

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 13 тамыз күні, оңтүстіктің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының өкілдері «Көкнәр -2016» жедел алдын-алу іс-шаралары кезінде Түлкібас ауданы аумағындағы Алматы-Термез тас жолында «Шевролет» автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізді.

1967 жылғы келіншек тізгіндеген автокөліктің капотының астынан полицейлер полиэтиленді пакеттегі айрықша иісті, күңгірт-жасыл түсті, марихуанаға ұқсас есірткі затын анықтап, тәркіледі.

Ал ұсталған күдіктінің үйіне тінту жүргізген полицейлер үйінің ауласындағы талдың түбіне жасырынған, ішінде героинге ұқсас есірткі заты бар 20 дана полиэтиленді ораманы анықтап, тәркіледі.

Сот-криминалистикалық сараптамасы табылған заттардың жалпы салмағы 200 грамды құраған «марихуана» және 90 грамм «героин» есірткі заттары екенін көрсетті.

Аталған жайт бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айтып өтейік, Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен жыл басынан бері есірткіге қатысты 610 құқықбұзушылық тіркеліп, оның ішінде есірткі қылмыстары 200-ден астам деректі құраған. Полиция қызметкерлерімен жалпы 4,5 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленіп, оның ішінде тәркіленген «героин» есірткісінің салмағы 9,5 келіні құрады.

 

 

kaz.365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде