jasqazaq.kz

Оттың ортасынан 2 баланы алып шықты

19 ақпан 2019, 21:39

Балқаш қаласында пәтерде өрт шығып, ішінде қараусыз қалған 2 бүлдіршінді кездейсоқ адам құтқарып қалды. Екінші қабаттағы терезені сындырып кірген ол түтіннің арасынан екеуін әрең тауып далаға алып шығыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Осы үйде тұратын анасына келген Арсен Түсіпбеков, сәл кешіксе қаралы жағдай болады екен. Пәтердің есігі ішінен жабық болғасын, уақыт жоғалтпай үйге терезеден түскен. Қара түтіннің арасынан түтінге тұншығып жатқан 4 және 5 жастағы баланы құшағына алып далаға қашыпты. Болжам бойынша әке шешесі жұмысқа кетіп, үйде қараусыз қалған екеу отпен ойнауы мүмкін. Ұшқын көрпе жастыққа тиіп, бықсыған қара түтін пәтер түгілі, подьезге дейін тараған.

Арсен Түсіпбеков Балқаш қаласының тұрғыны:

— Екеуі жылай жылай шаршағанға ұқсайды. Әлдері де таусылыпты. Үсті бастары малмандай су, терлеген болса керек ыстықтан. Далаға шыға сап лоқсып- құсып, естерін әрең жинады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде