jasqazaq.kz

Жол апатынан аман қалған актриса сол күні не болғанын білмейді

18 ақпан 2019, 16:11

­

Алматыда жол апатынан жарақат алған актриса Айзада Сатыбалдиева қайғылы оқиғаның қалай болғаны туралы білмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның күйеуі Бақыт Әлдибековтің айтуынша, Айзада Сатыбалдиеваның әлі денсаулығы қалпына келе қойған жоқ. «Сол күні не болғаны есінде жоқ. Ал туыстарын таниды. Басы қатты ауырады. Соққы басына тиген. Қабырғалары сынған. Біреуі үш жерден сынып кеткен. Денесінің сол жағы жансызданып қалды. Дәрігерлер қайта қалпына келуге 5-6 ай немесе 1 жыл уақыт кетеді», — деді күйеуі. Сонымен қатар ол Шолпан және қасындағылардың қайтыс болғанын білмейді. «Біз оған жарақат алған сен ғана басқалары жақсы дедік. Ол айыптыны кешіруді сұрады. Сонда ғана Алла жазылуына көмектеседі деді», — деді Бақыт Әлдибеков. Ер адам соттан моральдық материалдық шығындарды өтеген жағдайда бас бостандығынан айырудың қажет етпейтін жаза тағайындауды сұрады. Айта кету керек, қайғылы оқиға 29 желтоқсанда болған еді. Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында Gelаndеwagen бағдаршамның қызыл түсіне өтіп Galant көлігін соққан. Жол апатынан 3 адам — Galant жүргізушісі мен екі жолаушы көз жұмды. Олардың бірі белгілі актриса Шолпан Елгезек. Кейін 34 жастағы Gelаndеwagen жүргізушісі мас болғаны анықталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде