
Алматыда көпқабатты үйлердің бірінде ер адам лифт шахтасына құлап, қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ПД өкілдеріне сілтеме жасап.
Оқиға кеше, 13 ақпанда кешкі уақытта Алатау ауданындағы «Алғабас-6» ықшамауданында болған. «Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. ТЖ салдарынан 59 жастағы ер адам қаза тапты. Қазіргі уақытта соталды тергеуді Алатау аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», — деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері. Оқиға мемлекеттік бағдарламамен берілетін үйде болған.