jasqazaq.kz

Қызылордадағы ұсқынсыз мүсінге қатысты жауап берді

12 ақпан 2019, 11:02


Қызылорда әкімдігі көпшіліктің сынға ұшыраған қазақ қызының ұсқынсыз мүсініне қатысты жауап берді. Анықталғандай, ел арасында қызу талқыға түскен ескерткіш бүгінде қала аумағында жоқ .

 NUR.KZ. жазғандай, қала әкімдігі ұсқынсыз мүсіннің әлі өз орнында тұрғаны жайлы пікірді жоққа шығарып, оның үш жыл бұрын алынып тасталынғанын мәлімдеді.
«Аталған кіші архитектуралық фигура 2015 жылы Наурыз мерекесі қарсаңында, орталық «Жібек Жолы» көшесі бойына «Қызылорда Көркем» ЖШС мекемесімен қойылды. Мүсін арнайы мамандардың қолымен дайындалды. Дегенмен осы кіші архитектуралық фигураға сай қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы тарапынан сын пікір айтылып 2016 жылдың басында алынып тасталды. Қазіргі уақытта аталған кіші архитектуралық фигура қала аумағында жоқ» , — делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, күні кеше Қызылордада қазақ қызына қойылған ұсқынсыз мүсін қызу талқыға түскені жайлы жазған болатынбыз.
Желі қолданушысы ескерткіштің тиісті деңгейде жасалмағанына шүйліккен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде