jasqazaq.kz

Алматы полициясы қалта ұрыларының суретін жариялады

07 ақпан 2019, 15:55

Алматыда бір ай ішінде полицейлер 70-тен аса қалта ұрысын ұстады. Бұл туралы  Tengrinews.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Алматы аумағында полиция жедел іздестіру бөлімінің қызметкерлері қоғамдық орындарда бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан қалта ұрыларын құрықтады. «Бір жағдайда қаланың сауда орталықтарының бірінің келушісі затын ұрлатқан. Күдікті, 1990 жылғы ер адам И. оның қалтасынан 18 мың теңге көлемінде қаражатты ұрлаған. Біраз уақыттан кейін қаладағы тағы бір сауда үйінде осыған ұқсас қылмыс болған, мұнда 1991 жылы туған М. деген адам ұрлық жасаған. Күдікті әйелдің қалтасынан ақша мен құжаттары бар әмиянды ұрлап кеткен. Тағы бір қылмыстық оқиғадан Алматы қаласының қарт тұрғыны зардап шекті. Ер адам қаладағы орталық көшелердің бірінде ірі көлемде қаражат ұрлатқан. Ұры 38 жастағы әйел адам. Ер адам болған жағдайдан біраз уақыт бойы өзіне келе алмаған. Сонымен қатар, екі ұры ұялы телефондарды ұрлау арқылы нәпақа таппақшы болған», — деді Алматы полициясы департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов. Полиция департаментінің өкілдері қылмыскерлер барлық жағдайларда ізін суытпай ұсталғанын айтады. Қазіргі уақытта аудандық полиция басқармаларында ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, мегаполис полиция қызметкерлері азаматтарға қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде