jasqazaq.kz

Атыраулық әке екі жыл бойы балаларын мектепке апармаған

06 ақпан 2019, 15:38

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған төрт баланың әкесіне қатысты әкімшілік іс қаралды.
Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі «Мой ГОРОД» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот анықтамасы бойынша, 2005, 2007, 2008, 2009 жылы туған төрт бала 2017-2018 оқу жылында мектепке бармаған. «Сот отырысында кәмелетке толмағандардың 35 жастағы әкесі кінәсін мойындамады және педагогтар мектеп формасын сақтамаған оқушыларға білім ордасына келуге тыйым салғанын айтты. Осыған байланысты олар қашықтан оқыған», — деді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі — «Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауына» сәйкес кінәлі деп танылды. Оған 11 785 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы әзірше заңды күшіне енген жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде